2017 жылдың 13-ші желтоқсанында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері - Асель Балтабаева, Біржан сал ат. Музыкалық колледжінде студенттермен дәріс өткізді. Балалар АИТВ-инфекциясының алдын алу әдістерімен, таралу жолдарымен танысты, үйрету бейнеролигін көрді. Дәріс барысында, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың кемсітушілік мәселелері талқыланып, сұрақтар қойылды. Барлық қатысушыларға бүктемелер таратылды.